USD
USD
USD

Нұрәлі Әлиев Лас-Вегаста жүргенін жария етті

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі, олигарх Нұрәлі Әлиев АҚШ-тағы концерттен фото жариялады. 

Рахат Әлиевтің ұлы
Фото: qaz.ulysmedia.kz

Алматы, NEGE. Әлиев әлеуметтік желілерде U2 рок-тобының концертіндегі кадрлармен бөлісті. Іс-шара Лас-Вегаста, "Сфера" павильонында өткен. Назарбаевтың немересі өзінің Instagram желісінде концерттен бірден 3 видео жариялады.

Нұрәлі Әлиев жыл сайын Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің рейтингіне енеді. Өткен жылы іскерлік журнал оның байлығын 249 000 000 долларға бағалады. Ол Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғышы.

Осы жылдың қаңтар айында Алматыда жер сілкінісі орын алған еді. Осы кезде тұрғындарға апаттық жағдайды ескертпеген компания Нұрәлі Әлиевтіңсына тиесілі екені белгілі болды. TNS-INTEC компаниясы өз кезегінде Darmen Holding компаниясына тиесілі, холдингтің соңғы иесі Нұрәлі Әлиев болып табылады.

2022 жылы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйесін орнатуға TNS-INTEC-пен келісімшартқа қол қойып, оған 1,1 млрд теңге жұмсағаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид