USD
USD
USD

«Назарбаевты құтқарып қалған» Абай Бисембаев қызметінен кетті

ҚР Президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары Абай Бисембаев қызметінен кетті.

«Назарбаевты құтқарып қалған» Абай Бисембаев қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

ҚР Президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары Абай Бисембаев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы yyedilov телеграм-каналы хабарлады. «Ол экс-президент Н.Назарбаевтың көмекшісі болып қала береді», – деп жазды телеграм-канал.

Естеріңізде болса, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым сұхбаттарының бірінде былай деген: «Экс-президент, Елбасының «Қаңтар оқиғасына» еш қатысы жоқ шығар. Ол үшін бұл нағыз шок болды. Барлық туысқандары Дубайға қашып кеткенде, ол Алматыдан ұшып келді.

Ол тіпті өзінің қауіпсіздік қызметіне де сенбеді, оны көмекшісі Абай Бисембаев өз чартерімен, өз жеке көлігімен Алматыдан алып кетті.

Сіз тіпті бұрынғы президенттің арнайы қызметтерге қатысты қандай дәрежеде сенімсіздік танытқанын елестете аласыз ба? Осы әуежайды экстремистер басып алмай тұрып, ол Астанаға ұшып үлгерді.

Бір ғана факт, бірақ бұл – нақты факт, экс-президент өзінің күзетіне де, Мемлекеттік күзет қызметіне де, комитетке де сенбеді. Оны ҚР Президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары Бисембаев құтқарып қалды. Ол өз көлігімен президентті алып кетті. Бұл – үлкен трагедия. Мен мұндайды өз басымнан өткізгім келмейді».

Депутаттың осы сұхбатынан соң «Назарбаевтың көмекшісі Абай Бисембаев жеке чартерлік ұшақты қандай ақшаға алды?» деген сұрақ туындаған. Алайда «Назарбаевты құтқарып қалған» А.Бисембаевтың әрекетін депутаттан басқа ешкім растаған жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Тоқаев

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер