1 Маусым 13:34
...

НАЗАРБАЕВТЫ енді КІМ күзетеді?

Фото:

Күні бүгінге дейін Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне Мемлекеттік күзет қызметі (МКҚ) жауапты болып келді. Енді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен МКҚ-ден осы жауапкершілікті алып тастамақ.

Ақорда. Фото: ғаламтордан

«Қазақстан Республикасы президентінің 2014 жылдың 4 мамырындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі ережесін бекіту туралы» №814 жарлығына мынадай өзгертулер енгізілсін: Мемлекеттік күзет қызметінің ережесі қазіргі жарлық бойынша жаңа редакцияда жазылсын», – делінген Қ.Тоқаевтың жарлық жобасында.

Ережені жаңарту туралы бұл жоба бойынша, Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясына «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасын» күзету кірмейді. Сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметі «Назарбаевтың абыройына, бостандығына, құқығына, денсаулығына қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, ескерту» дейтін басы артық шаруадан да құтылады.  

Мұның барлығы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңның күші жойылғаннан кейінгі өзгертулер.

Қазір Мемлекеттік күзет қызметін Сәкен ИСАБЕКОВ басқарады. Исабеков бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет атқарды.

С.Исабеков. Фото: gov.kz

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болды. Ал 2022 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Енді Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты кім күзетеді? Ол енді жеке күзет ұйымдарының қызметіне жүгіне ме?

Тегтер: