USD
USD
USD

Назарбаевтар, Құлыбаев, Нығматуллин және Байбек санкциялық тізімге кіруі мүмкін

Ұлыбритания парламенті бірқатар қазақстандық элита өкілдерін санкциялық тізімге енгізуі ықтимал. Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары – атап айтқанда, Дариға Назарбаева, Қайрат Шәріп, Нұралы Әлиев, Тимур Құлыбаев, тіпті, Нұрлан Нығматуллин және Бауыржан Байбек те бар. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Назарбаевтар, Құлыбаев, Нығматуллин және Байбек санкциялық тізімге кіруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Ұлыбританияны мен атын атаған осы тұлғаларға қарсы сыбайлас жемқорлыққа қатысты санкция салу шарасын қабылдауға шақырамын. Олардың бәрінің активтерді тәркілеу және пара алуға қатысы болуы мүмкін», - деп мәлімдеді Ұлыбритания парламентінің депутаты Маргарет Хэдж Қазақстандағы қанды қаңтар оқиғасына қатысты дебат кезінде.

Депутаттың пікірінше, бұл тізімге бірқатар олигархтар мен шенеуніктер - Кәрім Мәсімов, оның серіктесі Айгүл Нұриева, Владимир Ким, Эдуард Огай, Кеңес Рақышев, Сауат Мыңбаев, Александр Машкевич, Патох Шодиев, Болат Өтемұратов, Болат Назарбаев, Ахметжан Есімов, Қайрат Боранбаев, Ғалымжан Есенов, Александр Клебанов, Марат Бекетаев, Айдан Кәріпжанов, Қайрат Сатыбалды, Самат Әбіш кіруі тиіс.

Маргарет Хэдж Қазақстанды халқынан ақшаға ұрлап байыған клептократиялық элита билеп отырғанын айтып, Ұлыбритания, АҚШ және Еуроодақ үкіметтерін Қазақстан элитасына қарсы санкция салуға шақырды.  

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай