USD
USD
USD

Назарбаев журналист Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Елбасы белгілі журналист Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Назарбаев журналист Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі қазақстандық журналист, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Ол үлкен жұмыс тәжірибесі бар өз ісінің кәсіпқой маманы еді. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жаңа сапа стандарттары мен кәсібилікті енгізуге ықпал етті», – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир