25 Мамыр 19:35

«Назарбаев Университетке Тоқаевтың көңілі толмай жүр»

Фото:
Nege.kz

порталы бұған дейін Назарбаев Университеті туралы бірнеше зерттеу мақала жариялады.

Соның нәтижесінде Президент Қ.Тоқаевтың Университетке назары ауды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шигео Катсуды жыл басынан бері екі рет қабылдап, бір рет өзі университет кампусына барып қайтты.

Ақорданың баспасөз қызметі алғашқы кездесуді «байқаусызда» жариялап қойып, артынша барлық ақпарат көздерінен өшіріп тастады.

Сол күні таңда Nege.kz сайтында «Назарбаев университетте террористер мен шпиондар бар ма? Шигео Катсу сұрақтарымызға жауап берді» деген сұхбат жарияланған.

Шигео Катсу сұхбатында бұрынғы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов жайлы «ағынан жарыла» айтты.

Мәсімов Университет қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған және кеңес мүшелерімен тығыз байланыс жасаған.

Шигео Катсу Назарбаев Университетіне дейін халықаралық қаржы институттарында лауазымды қызметтер атқарған.

Жұрт арасында «Назарбаевтың Мәсімов арқылы шетелге шығарған қаржысын жасыруға Шигео Катсу көмектесуі мүмкін» деген гу-гу бар.

Назарбаев Университет қамқоршылар кеңесінің тағы бір мүшесі – Дэвид Меркель. Ол Мәсімовті қорғау үшін құрылған karimmssimov.com сайтының иесі.

Назарбаев Университетте жеке басы күмәнді адамдар аз емес. Бұл жөнінде Nege.kz порталы ҰҚК-ге ресми сауал жолдаған. Бірақ ҰҚК-ден «университетте күмәнді адамдар анықталған жоқ» деген жауап келді.

4 мамырда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Назарбаев Университетіне арнайы барып, Ш.Катсудың жұмысымен танысты.

«Президент Қ.Тоқаев Шигео Катсумен НЕГЕ жиі кездесіп жүр?» заңды сұрақ туындайды.

Тұрақты оқырманымыздың айтуынша, Назарбаев Университетке және оның қазіргі басшылығына Тоқаевтың көңілі толмай жүр.

Катсумен жиі кездесуінің себебі – оның лайықтылығына көз жеткізу болған. Алайда оған мүлдем көңілі толмаған.

Шигео Катсу Назарбаев Университетін 2010 жылдан бері басқарып келеді және оның күмәнді байланыстары туралы әңгіме толастар емес.

«Президент әкімшілігі Шигео Катсудың орнына лайықты кандидат іздестіріп жатыр», – дейді тұрақты оқырманымыз.

Шигео Катсудың жеке басына қатысты шешім әлі қабылданған жоқ.

Назарбаев Университетке кім басшы болады? Шигео Катсу қайда кетеді? Университеттің аты ауыса ма?

Бұл сұрақтарға жуырда жауап алуымыз мүмкін. Бәріне уақыт төреші.

Тегтер: