USD
USD
USD

Назарбаев университетінің профессорлары қыздарға зорлық көрсеткен (видео)

Назарбаев университетінің Адина есімді студенті өз шындығын айтып, TikTok желісіне видео жариялаған. 

Назарбаев университетінің профессорлары қыздарға зорлық көрсеткен (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алайда бұл туралы ешкімге айта алмайтындар бар екенін жеткізді. Студент өзіне де азғындық жасамақ болғанын, мұндай әрекетке баратындар арасында профессорлар мен оқытушылардың да болуы мүмкін мәлімдеді.

Студенттің айтуынша, университетте құрбысын зорлаған ер адам екінші құрбысын да жыныстық қатынасқа түсуге көндірмек болыпты. 

"Зорлаған адамды университетте көпшілігі таниды. Тіпті бір клубтың президенті де болған. Ал екінші құрбыма бір көргенде жағымды ер адам өиянат жасаған. Тағы бір жағдайда мен екі қызбен жасырын түрде жұмыс істедім. Ол екеуін бір адам зорлаған, ал үшіншісі оның құрбаны бола жаздады", – деді ол. 

Оның сөзінше, қыздарды зорлау дерегіне ешкімнің сенгісі келмейді. Себебі зорлық көрсеткендер өз ортасында танымал әрі бір көргенде момын болып көрінеді дейді. 

"Зорланған қыздардың бірі ешкімге айтпастан университеттен кетіп қалды. Өйткені ештеңе айта алмады, айтса барлығы өзін кінәлайтын еді, достары аралспай кетеді. Солай болды да. Өзін зорлаған адамның кесірінен оқудан кетті, университетте ешкіммен араласпайды. Өзге қыздар мұны психологиялық тұрғыдан көтере алмады. Бәлкім оқып жүрген шығар, бәлкім кетіп қалған шығар", – деп қосты студент. 

Студент мұндай жағдай өзінің де басынан өткенін мәлімдеді. 

"Маған және 16 жастағы қызға зертханада жұмыс істейтін стафф азғындық жасамақ болды. Профессор да, өзге қызметкер де мұндай әрекетке бара алады", – дейді қыз. 

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры