USD
USD
USD

“Назарбаев университетінің атауы өзгереді”

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Назарбаев университетінің атауын өзгерту туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл – фейк, деп хабарлайды stopfake.kz..

“Назарбаев университетінің атауы өзгереді”
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараған ақпаратта келесі жылдан бастап ЖОО "Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті" деп аталатын болатыны айтылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл – фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ведомстводан.

"Хабарламада "әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби" туралы да айтылған. Шын мәнінде университетте мұндай қызметкер жоқ.

ЖОО-ның ресми сайтында жазылғандай, Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқарады.

2023 жылы "Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік зерттеулер зертханасының" ашылғаны туралы да ресми ақпарат болған жоқ", - деп көрсетілген сайт ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры