USD
USD
USD

Назарбаев Трампқа жеделхат жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдады, деп хабардайды elbasy.kz сайты.

Назарбаев Трампқа жеделхат жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамптың коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Сіздің және Бірінші ханым Мелания Трамптың коронавирус індетіне байланысты тапсырған тестінің оң нәтиже көрсеткені туралы хабарды өкініш сезімімен қабылдадым. Өзіңізді күш-қуаты мол, жігерлі әрі сынақтарды үнемі жеңіл еңсеретін тұлға ретінде білемін. Осы дерттен тезірек сауығып, Америка халқының өркендеуіне бағытталған жауапты қызметіңізге оралуыңызды тілеймін.

Бүгінгі таңда біздің елдеріміз бен бүкіл халықаралық қоғамдастық күрделі кезеңді бастан өткеруде, жақын болашақта өзара қолдау мен түсіністік негізінде пандемияны жеңіп, еш кідіріссіз даму жолына қайта оралатынымызға кәміл сенемін. Сізге және отбасыңызға осы науқастан жедел әрі толық жазылып шығуларыңызға тілектестігімді білдіремін. Бұл жағдайды өз басымнан өткізген адам ретінде Сіздерді дәрігерлердің ақыл-кеңесін ұстанып, айтқанын орындауға шақырамын», – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу тәртібі өзгереді: Құрылтай жаңа заң жобасын қабылдады

мұғалімдердің жеке дерегі