13 Маусым 11:49
...

Назарбаев Путинге НЕГЕ «тығылып» барды?

Фото:

«Назарбаев Мәскеуге бара жатыр екен» деген әңгімені өткен аптада естігенбіз. Алайда экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мұны жоққа шығарған. Бірақ арада апта өтпей, Назарбаев шынымен де Мәскеуден бір-ақ шықты...

«Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді», – деп жазды Elbasy.kz сайты.

Қазақстанның бұрынғы президенті Н.Назарбаев Ресей президенті В.Путинді құттықтау үшін ғана барды ма? Назарбаев әлі де Қазақстанның атынан келіссөздер жүргізуге құқылы ма? Сенат төрағасы М.Әшімбаевтың «Тұңғыш президент Назарбаев бүгінде саясатқа араласпайды» дегені қайда?

Тұрақты оқырманымыздың айтуынша, Назарбаев Путинмен кездесуге біраз уақыттан бері сұранып жүрген, бірақ Путин кездесуге аса ықылас таныта қоймаған көрінеді.

«Өйткені Путин Назарбаевтың қандай «бұйымтай» айтатынын білген сияқты. Конституция беретін кепілдік бұйырмаған соң Назарбаев жеке басы мен ет жақындарына кепілдікті басқа жақтан іздеуге мәжбүр еді және ондай кепілдікті тек Путин ғана бере алады деп шешкен болуы мүмкін», – дейді оқырманымыз.

Сонымен, Путин Назарбаевқа қандай кепілдік берді?

Дереккөздің айтуынша, Путинге Қазақстандағы саяси ахуалды қадағалап отыру аса қажет және де ақпаратты басқадан емес, Назарбаевтың өзінен алу тиімді.

«Білуімізше, Путин Назарбаевқа қандай да бір кепілдік жайында ашық уәде бермей, ақсақалды арқасынан қағып шығарып салған сыңайлы. Егер солай болса, онда Назарбаев үшін Тоқаевтың қас-қабағына қараудан басқа амал қалмайды», – дейді ол.      

Тегтер: