USD
USD
USD

Назарбаев: Өз күшіңізге сеніңіз!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, сөз сөйледі.

Назарбаев: Өз күшіңізге сеніңіз!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  - Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған "Nur Otan" партиясының бағдарламасы қаржылық және адами ресурстармен қамтылған өршіл және әрбір қадамы әбден есептелген мақсаттарды көздейді. Ол - біз қолға алған реформа бағытының логикалық заңды жалғасы. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бері қарай мен алға нақты мақсаттар қойып, оларға қол жеткіз үшін аянбай еңбек етіп, жаңа қиындықтарды жеңе білу керек деп нығырлап айтып отырдым, қазір де солай деймін. Президент ұсынған бұл бағдарламаны қолдаймын. Біздің ортақ мақсатымыз -жұмылып, бірлесе жұмыс істеу. Өз күшіңізге сене білу керек, Отаныңызды сүюіңіз тиіс және елдің дамуы үшін барлық мүмкіндікті жасауыңыз қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол "Nur Otan" партиясының реформалау жүргізуде өз тәжірибесі және жоспарды жүзеге асыруда саяси ерік-жігерге ие екенін баса атап өтті.

- Партия бағдарламасын орындау керек. Оның орындалатынына сенімдімін. Бұл біздің еліміздің одан әрі жаңғыруын қамтамасыз етуге, барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - дейді Елбасы.

Науқанды ойдағыдай өткізу үшін ол республикалық және аймақтық штабтардың үйлестірілген жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Барлық үміткерлер, белсенділер мен сенім білдірілген адамдар аймақтарды аралап, сайлау бағдарламасы туралы кеңінен насихат жүргізуі ерек.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп