USD
USD
USD

Назарбаев Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының бұрынғы Президенті Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Назарбаев Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Николя Саркози Елбасын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Францияның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және екі ел арасындағы ынтымақтастықты белсенді дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеген жылдарды жылы сезіммен еске алатынын айтты.

Елбасы Николя Саркозиге шынайы құттықтауы мен жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, 2008 жылы Парижде тараптар қол қойған Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы келісімінің ерекше маңыздылығына назар аударды.

Телефон арқылы сөйлесуге Франция жағы бастамашы болды.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур