USD
USD
USD

«Назарбаев көшесі «Қаңтар» деп аталсын!». Алматыдағы митингіден фоторепортаж

Бүгін Алматыдағы Республика алаңында Қаңтар қырғыны құрбандарын еске алуға бір қауым ел жиналды. Олар биліктен Назарбаевтың байлығын халыққа қайтаруды, Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңның күшін жоюды, бейбіт азаматтарға оқ атқандарды жауапқа тартуды, жазықсыз абақтыға жабылғандарды босатуды, қудалауды тоқтатуды талап етті.

«Назарбаев көшесі «Қаңтар» деп аталсын!». Алматыдағы митингіден фоторепортаж
Фото: NEGE.kz

Жиынға шамамен 500-ге жуық адам қатысты. Алаң маңында интернет жұмыс істеген жоқ. 

Мінберге шыққан халық пен билік талаптарын айтты. Шамамен 50-ге жуық адам сөйледі.

Кәсіпкер Болат Әбілов Назарбаев көшесін «Қаңтар» деп өзгертуді ұсынды. 

Сөз тимегендер талаптарын БАҚ өкілдеріне сұхбат беру арқылы жеткізсе, енді бір топ қолдарына түрлі жазу жазылған қағаз көтеріп жүрді. 

Қаңтар қырғыны құрбандарын еске алушылар ерекше шара ұйымдастырып, ақ қағазға алма қойды. Алмалардың саны құрбан болғандардың санымен бірдей. 

Қаза болған азаматтарға құран бағышталды, халық қарасы содан кейін азая бастады. 

Митингі бейбіт аяқталды. Бұл жолы құқық қорғау органдары тек бақылап тұрды. Құран бағыштап, талабын қойып болған соң митингішілер алаңнан тарады.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ