Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Назарбаев коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Қазақстан Республикасының бұрынғы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Назарбаев коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Елбасының ресми сайты хабарлады.

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны орын алып жатыр. Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу ­– Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның ­– әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр. Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біз береке-бірлік пен тұтастықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін»,-делінген көңіл айту хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе таксиі алғаш рет көкке көтерілді

 ұшқышсыз әуе кемесі

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека

​FIDE үшін бәсеке: Турловтың жеңісі Қазақстанның беделін арттыра ма?

Бизнесмен

Эль-Ниньо әсерінен әлемде тағы 50 млн-ға жуық адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Эль-Ниньо