USD
USD
USD

Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзінің толық нұсқасын назарға ұсынамыз: "Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді, мейірімділіктің, өзара көмек пен жақсылықтың жаршысы болып саналады. Көктемнің алғашқы күнінде – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезеңде атап өтілуі бұл мерекеге ерекше сән береді.

Бүгін біз қазақ халқының рухани ерлігі мен еліміздегі барлық этностардың басына түскен ауыр сынақтарды еске алып қана қоймай, келешекке зор сеніммен қараймыз. Қазақстан қоғамының келісімі мен татулығы ­– сол жарқын болашақтың берік іргетасы. Коронавирус пандемиясына тойтарыс беру кезінде де біздің бірлігіміздің маңызы айқын көрінді. Қазақстандықтар мемлекетіміздің тұрақты дамуына қауіп төндірген жаһандық сынаққа ел болып жұмыла қарсы тұрды. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өрлеу мен өркендеуге бастайтын жол адамгершіліктің айнымас қағидаларына, толеранттылық принциптеріне, төл тарихымызға құрмет пен ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке негізделетінін тағы бір мәрте айғақтап отырмыз. Барлық қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мол игілік, мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!", - дейді Назарбаев. 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті