USD
USD
USD

Назарбаев Кәрім Мәсімовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Елбасы кеңсесіне бірнеше сұрақ жіберген. Нұрсұлтан Назарбаев өзі хабарласып, сауалдарына телефон арқылы жауап берген. Назарбаев  Мәсімовтің Назарбаев университетінің қаржысын басқару мәселелерімен, инвестициялық қызметімен, соның ішінде бөлек қаржы институттарымен байланысты жұмыспен жоғары оқу орнының қамқоршылық кеңесімен айналысқанын айтты. Кеңес төрағалығына сол кезде премьер-министр болған Кәрім Мәсімов тағайындалған. 

Назарбаев Кәрім Мәсімовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, кеңес төрағасы қызметіне жоғары оқу орны мен онымен байланысы бар ұйымдардың қаржылық қызметіне де жауапты болған.

"Дәл сол кісінің құзіретіне жоғары оқу орны мен онымен байланысы бар құрылымдардың қаржылық қызметі кірген. Арасына бөлек қаржы ұйымдары да кіріп кетті. Қазір Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оның осы бағыттағы жұмысын зерделеп шығады деп ойлаймын", – деді Назарбаев.

Қазір оқып жатыр

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр

8 мың Ақтөс бар: Қазақстанда үй жануарларына қойылатын танымал есімдер аталды

Ит пен мысық