USD
USD
USD

Назарбаев: Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.

Назарбаев: Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Елбасы жаңа Премьер-Министр орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Өткен жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет. Тұрғындармен кездесу керек. Қабылданған шараларды түсіндіру маңызды. Сізде жеткілікті тәжірибе бар. Еліміздің екі өңірінде, Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет еттіңіз. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істедіңіз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов

«Әскерилер өз қауіпсіздігіне сенімді болуы керек»: депутат сарбаздарға геолокациялық құрылғы беруді ұсынды

сот үкімі

Жеке деректерін қорғау әр азаматтың міндеті – ІІМ

Бизнес