Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналары да Перизат Қайраттың қорына ақша аударған

Астана қаласында Перизат Қайраттың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Қазір сотта Перизат Қайраттың қорына әртүрлі сомада ақша аударған жәбірленушілер куәлік беріп жатыр. Олардың қатарында жеке тұлғалар да, ірі компаниялар мен банктер де бар.

Перизат Қайрат
Фото: t.me/negeaqsha

Астана, NEGE. П.Қайраттың ісі бойынша Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ата-аналар комитетінің мүшелері де жәбірленуші ретінде танылды.

Ата-аналар комитетінің өкілі Сәуле Қуандықованың айтуынша, олар 2024 жылдың көктемінде қор жүргізген жарнамалық компанияға сеніп, тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.

«Жарнама көбінесе Instagram-да жиі шығып жүрді. Біз нақтылап қарап, бұл қордың басқа да қайырымдылық істермен айналысқанын білдік», – деді ол. 

Осылайша олар 15 сәуір күні Kaspi арқылы «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының шотына 901 855 теңге аударған. Енді ата-аналар жіберілген ақшаны қайтарып алып, оны мұғалімнің еміне жұмсағысы келеді.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел