USD
USD
USD

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кетті

26 мамырда, жексенбіде елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлады Zakon.kz.

жәрдем
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE.Әлеуметтік желіде зардап шеккен жасөспірім қыздың 12-сынып оқушысы екені, оған қарын, мойын, жамбас және қол аймағына пышақ жарақаттары салынғаны туралы айтылады.

Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы аталған фактіні растап, 18 жасар қызды өлтіруге оқталу фактісіне сәйкес қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары қолға алынғанын жеткізді.

"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады елордалық полиция.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Мектеп оқушысына қанша рет пышақ сілтенгені туралы ресми ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси

«Бетіңді тіліп тастаймын»: Алматыда пышақ ұстаған балалар тұрғындарды қорқытқан

Пышақ ұстаған бала