USD
USD
USD

Назарбаев Университетіне оқуға түсу талаптары өзгерді

Назарбаев Университеті оқуға қабылдау талаптарына өзгеріс енгізді.

Назарбаев университеті
Фото: NU

Астана, NEGE. Ақылы негізде оқуға түсу талаптары жеңілдеді. Мәселен, университетте ақылы негізде оқимын деген талапкерлер ҰБТ нәтижелеріне қарай қабылданады.

Ақылы негізде университетке дейінгі дайындық бағдарламасына (Foundation) түсу үшін ағылшын тліндегі ҰБТ-ның ең төменгі нәтижесі – 75 балл немеcе GPA 3.5/5.0 болса жеткілікті. Сонымен бірге, математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы 10-нан 7-ден кем болмауы керек. Бұл екі пән өте жоғары деңгейде бағаланады, өйткені бұл жоғарғы шек болып саналады.

• GPA: ең төменгі балл – 5,0-ден 3,5;

• IELTS: ең төменгі балл – 5,5;

• TOEFL iBT: ең төменгі балл – 46.

Foundation бағдарламасы мектеп бітірушілеріне бакалавр дәрежесіне түспес бұрын математика, академиялық ағылшын және басқа пәндер бойынша білімдерін жетілдіруге көмектеседі.

Назарбаев Университетінің бакалавриатына түсу үшін ең төменгі балл төмендегідей:

• ҰБТ (ағылшын тілінде): ең төменгі балл – 85, ал математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығы бойынша нәтижелер 10-нан кемінде 8 балл немесе GPA: ең төменгі балл – 5.0-ден 4.0.

• IELTS: ең төменгі балл – 6,0 немесе TOEFL iBT: ең төменгі балл – 60.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанда ҰБТ-ны ағылшын тілінде небәрі 84 адам тапсырған. НУ ең төменгі IELTS/TOEFL баллымен қабылданған студенттерге көмектесуге және олардың деңгейін көтеру үшін білім сапасын қолдауға бағытталған қосымша ағылшын тілінің академиялық курсын ұсынуды жоспарлап отыр.

Грантқа түсу тәртібі өзгеріссіз қалады. NUET, IELTS/TOEFL iBT тапсырып, басқа да қажетті құжаттарды ұсынасыз және гранттық конкурсқа қатысасыз.

Мемлекет беретін гранттардың саны бұрынғыдай.

НУ-да ақылы білім беруді енгізу университеттің қаржылық тұрақтылығына және мемлекеттік қаражаттан тәуелсіз болуға бағытталады.

Барлық мәліметтерді мына сілтеме арқылы біле аласыздар.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.