USD
USD
USD

Назарбаев пен Путин тағы да жүздесті

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Кремльде қабылдады.  

Kremlin.ru
Фото: Kremlin.ru

Астана, NEGE. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында нақты қандай мәселелер талқыланғаны белгісіз. Хабарламада «Кремльде Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі өтті» деп қана көрсетілген.

Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін Владимир Путинмен тұрақты түрде жүздесіп келеді. Олардың бұған дейінгі кездесуі мамыр айында өткен. Сол кезде экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың Мәскеуге сапары бейресми әрі жеке сипатта болғанын атап өткен еді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық