USD
USD
USD

Назарбаев мектебінде терезеден құлаған оқушының жағдайы айтылды

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы үшінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алған баланың қазіргі жағдайынан хабардар етті.

Науқас
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Оқушы шұғыл түрде мамандандырылған орталыққа жеткізілген.

«Науқас 19 ақпанда нейрохирургиялық көмек көрсету және операция жасау үшін қалалық көпбейінді ауруханадан шұғыл түрде көпбейінді орталықтың нейрохирургия бөліміне ауыстырылды», – делінген хабарламада.

Дәрігерлер баланың қазіргі жағдайын тұрақты деп бағалаған, оң динамика байқалады. Сондай-ақ басқарма өкілдері оның қажетті ем-шараны толық көлемде алып, тексеруден өтіп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, 17 ақпан күні Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 18 жастағы оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Полицейлер бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол