Назарбаев Amanat партиясына мүше емес – Айдос Үкібай
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың мәлімдеуінше, Қазақстанның экс-президенті қазір Amanat партиясына мүше емес және партия төңірегінде болып жатқан соңғы өзгерістерге еш қатысы жоқ.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Айдос Үкібай Азаттық сауалына берген жауабында айтқан.
«Нұрсұлтан Әбішұлының партияға қандай қатысы бар? Ол президенттік өкілеттігін 2019 жылы тоқтатқан», – деді Үкібай.
Сондай-ақ ол бүгінде Назарбаевтың саясатпен айналыспайтынын атап өткен.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президент ретіндегі өкілеттігін тоқтатқанымен, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейін Қауіпсіздік кеңесіне және өзі құрған «Нұр Отан» (қазіргі Amanat ) партиясына жетекшілік етіп келді.
Айта кетейік, ол соңғы рет ел алдына биыл 15 наурызда шықты. Бұрынғы президент Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткен республикалық референдумда дауыс берді. Алайда дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берместен, бірден кетіп қалған.
Артынша Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты бұрынғы президенттің жаңа Конституция жобасы мен Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған қазіргі саяси реформаларға қатысты пікірін жариялады. Онда экс-президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі ұстанымынан ешқашан айнымайтынан және Конституцияны өзгертуге қатысты референдумды қолдайтынын жеткізген.
Қазір оқып жатыр
Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған
Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Қырғызстан азаматы ФСБ тапсырмасымен Украина барлаушысын өлтіруге оқталды деп айыпталуда