18 Қараша 14:20
...

Назарбаев Мәскеуде кімдермен көрші тұрады?

Мәскеу
Фото: agents.media

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеудегі сән-салтанатты саяжайы анықталды. Бұл туралы «Проект» тәуелсіз зерттеу медиасы мәлімдеді. 

Астана, NEGE. Зерттеуде Қазақстанның бұрынғы президенті көптеген жылдар бойы Мәскеудің ең жабық әрі мәртебелі аудандарының бірі – Воробьев тауларында орналасқан элиталық саяжайды пайдаланып келгені айтылады.

Проект
proekt.media

Воробьев таулары Ресей элитасының орталықтағы жабық аймағы. Ол Кремльден бірнеше минуттық жерде орналасқан.

«Проект» ақпаратына сәйкес, бұл жерге кімдер орналасатыны туралы шешімді президент Владимир Путин өзі қабылдайды, ал кандидаттарды Кремль әкімшілігінің басшысы ұсынады. Рұқсат алғандардың арасында Ресей билігі мен бизнесінің негізгі тұлғалары бар.

Сонымен, Воробьев тауларының Федералды күзет қызметі аймағындағы тұрғындардың тізімі: 

  • Сергей Шойгу Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
  • Валерий Герасимов Қорғаныс вице-министрі Бас штаб бастығы
  • Антон Вайно Президент әкімшілігінің басшысы
  • Сулейман Керимов Федерация Кеңесінің мүшесі
  • Роман Абрамович олигарх
  • Геннадий Тимченко олигарх, Владимир Путиннің досы
  • Дмитрий Мазепин олигарх
  • Руслан Байсаров кәсіпкер, Рамзан Қадыровқа жақын
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті.

Ал, Нұрсұлтан Назарбаев кейде Мәскеуге барғанда осы резиденцияда болыпты. 

Мичурин даңғылына ең жақын орналасқан №2 үй Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Ол мұнда тек анда-санда ғана келген. Қалған үйлер Президент әкімшілігінің басшысы Антон Вайно мен оның досы, олигарх Сулейман Керимовтың иелігінде болып саналады, – делінген зерттеуде.

Назарбаевтың мұндай элиталы және жабық аймақта өз саяжайының болуы Путин тарапынан оған артылған сенім деңгейін көрсетеді-мыс.