Найзағай ойнап, жауын-шашын болады – Қазгидромет
Синоптиктер бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жауын-шашын күтілетінін және екпіні күшті жел соғатынын ескертті.
Алматы, NEGE. Ұлытау облысының шығысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 16 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Ақмола облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады.
Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады.
Астанада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының шығысында, тау етегіндегі аудандарында 1-3 градус үсік болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 метрге жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.
Қазір оқып жатыр
Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды
Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады
Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады
Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін