USD
USD
USD

Найзағай ойнап, кей өңірде бұршақ жауады - Қазгидромет

 «Қазгидромет» РМК-сы шілденің 5-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Ж
Фото: Almaty.tv

Алматы, NEGE. Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, антициклон жотасының ықпалымен Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің қалған бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің салдарынан күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында нөсер жауын жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Маңғыстау облысында, Атыраудың облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстаудың солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек