USD
USD
USD

Найзағай, бұршақ, тұман: 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклондық қызмет пен атмосфералық фронтальді бөлімдердің ықпалында болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 

А
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда найзағаймен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

— Елдің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Алматы, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатыны ескертілді.

Ал Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі