USD
USD
USD

Навальный үкімінен кейін 1370-тен астам адам ұсталды

Оппозиционер 3,5 жылға сотталды. Мәскеу орталығында түнде Навальный үкіміне наразы ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс болып, мыңнан астам адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Навальный үкімінен кейін 1370-тен астам адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәскеудің Симоновский соты оппозиционер Алексей Навальныйды түрмеге қамау туралы үкім шығарған болатын. Оған 2014 жылы берілген шартты жаза 3,5 жыл түрме жазасымен алмастырылды. Үкім шыққаннан кейін Навальныйдың штабы жақтастарын үкімге қарсылық білдіру үшін Манеж алаңына шығуға шақырды. Наразылық шарасына бірнеше мың адамның қатысқаны хабарланды. Петербургта 246 адам ұсталған. Ижевск, Омбы, Челябинск, Уфа, Киров, Чебоксар, Мытищи, Краснодар қалаларында да ереуілшілер қамауға алынды. ОВД-Инфо мәліметі бойынша, Мәскеу уақытымен түнгі сағат 2 шамасында Ресейде ұсталғандар саны 1370-тен асқан. 17 қаңтарда Германиядан оралған Навальный Шереметьево әуежайында ұсталған еді. Химки қалалық соты оны 30 тәулікке қамау туралы шешім қабылдады. Навальныйға «шартты түрде сотталған ретінде сынақ мерзімін бірнеше рет бұзды» деген айып тағылды. Қамауда отырғанда ол басқаратын «Жемқорлықпен күрес қоры» «Путин сарайы» атты зерттеуін Youtube сервисіне жариялаған еді. Зерттеуде Ресей президенті Путиннің Геленджикте зәулім сарайы бары айтылады. Еуропарламент пен АҚШ Ресей билігінен Навальныйды босатуды талап етіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза