USD
USD
USD

Навальный тәуір боп келеді

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың жағдайы түзеліп келеді. Оны медициналық комадан шығарып, біртіндеп өкпені жасанды желдету аппаратынан ажыратқан. Бұл туралы euronews.com хабарлайды.

Навальный тәуір боп келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Берлиндегі Charite клиникасындағылардың айтуынша, Навальныйдың беті бері қараған. Бірақ мамандар уланудың ұзақмерзімді салдары болатынын жоққа шығармайды.

Неміс мамандарының айтуынша, Алексей Навальныйдың ағзасынан «Новичок» уының ізі табылған. Ал ресейлік дәрігерлер Навальныйдың бұл жағдайға түсуі зат алмасудың бұзылуынан деп сендіргісі келеді.

Омбы облысы мен Сібір федералды округінің бас токсикологы Александр Сабаев науқас ауруханаға түскен кезде алғашқы сегіз сағатта үш тәуелсіз зертханада химиялық-токсикологиялық зерттеу жүргізілгенін, нәтижесінде науқастың қанынан да, зәрінен де токсиканттар, оның ішінде фосфорорганикалық қосылыстар сияқты у табылмағанын айтты.

Сондай-ақ, ГФР министрлер кабинеті ресми Берлин Ресейдің одан арғы әрекетіне байланысты «Северный поток-2» газ құбырының құрылысына қатысты ұстанымын өзгерте алатынын хабарлайды. Министрліктер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайбер Берлиннің әлі де Мәскеуден жауап күтіп отырғанын және Германия канцлері Ангела Меркель санкция салуды жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

Германия канцлері Ангела Меркель Навальныйға қатысты Ресей президенті Владимир Путинмен әлі ештеңе талқылаған жоқ. Ал Кремль Ресей тарапының бұл туралы Германиямен жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Әділет Алмат

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

бағасы

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Итбалық

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

ҰБТ