USD
USD
USD

Навальный колонияға жөнелтілді

Ресейлік оппозиция жетекшісі әрі блогер Алексей Навальный тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылды.

Навальный колонияға жөнелтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы РИА Новости Федералды қылмыстық-атқару қызметінің бастығы Александр Калашников мәлімдегенін хабарлады.

Ол сот шешімімен белгіленген орынға аударылды. Барлығы заң мен қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылды, – деді ол. Калашников оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп-қатердің жоқтығына кепілдік беретінін баса айтты.

Ол абсолютті қалыпты жағдайда қамауда ұсталатын болады, – деді ол. Ақпан айының басында Навальный Ив Рошер ісі бойынша тағайындалған жазасы шарттыдан нақтыға ауыстырылды, оған 2 жыл 8 ай мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті