USD
USD
USD

Наурыздан бастап Қазақстан мен Мысыр арасында әуе қатынасы қайта жанданады

Египетке рейстер қайта басталады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Наурыздан бастап Қазақстан мен Мысыр арасында әуе қатынасы қайта жанданады
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирусты инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 17 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе қатынасы қайта жанданып отыр.

Наурыз айынан бастап қазақстандық «Эйр Астана», «Fly Arystan» және «SCAT» әуекомпаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-Шейх қаласына туристік рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялар сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


 

Қазір оқып жатыр

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ