USD
USD
USD

Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинады

 Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижесі белгілі болды.

Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, талапкерлердің 65% шекті балл жинаған. Орташа балл - 65, ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.

Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді. 74,2% - қазақ тілінде 25,6% - орыс тілінде 0,2% - ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты. 2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері