USD
USD
USD

Наурызда неше күн демаламыз?

2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады.

Наурызда неше күн демаламыз?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, көктемнің алғашқы айында екі аптаға жуық демалыс беріледі. Алдағы айда екі ресми мереке – Әйелдердің халықаралық күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Әйелдердің халықаралық күні мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз.

Биыл 8 наурыз сейсенбіге түсетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні, ал дүйсенбі, 7 наурыз демалыс күні болады.

Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді, 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Осылайша Наурызда қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады.

Еске сала кетейік, үкімет демалыс күндерін 2022 жылдың 5 наурызындағы сенбіден 2022 жылдың 7 наурызындағы дүйсенбіге; 2022 жылдың 27 тамызындағы сенбіден 2022 жылдың 29 тамызындағы дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдады.

Ұлттық және мемлекеттік мереке күндері елімізде ресми түрде демалыс күні жарияланады. Егер мереке және демалыс бір күнге сәйкес келсе, демалыс күні мерекеден кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

мұрат әбен

Ұлттық қордан бөлінген қаржыны тексергеннен кейін бірнеше қылмыстық іс тіркелді

Тексеру