Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Наурызда халықаралық резерв 30 миллиард долларға жетуі мүмкін

Қаңтар айының қортындысы бойынша халықаралық резервтер 29,3 млрд долларды құраған. Демек 30 миллиардтық межеге наурыз айында жетуге барлық мүмкіндіктер бар. 

Наурызда халықаралық резерв 30 миллиард долларға жетуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Резерв қаңтар айында 352 млн долларға (+1,2%) ұлғайған. Осы өсім динамикасы сақталатын болса, алғашқы тоқсанның қортындысы бойынша резервтер 30 миллиардтан аспақ. Бағалы металл бағасының өсу алтын портфелінің қайта бағалауына әкеліп соқты. Ол мемлекеттік борыштың өтелуіне және Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың төмендеуіне қарамастан алтын-валюта қорларының ұлғаюына алып келді.

Фото: kapital.kz

"Еркін айырбасталатын валюталардағы активтер 9,67 млрд долларға дейін азайды. Алтындағы активтер өткен айда 19,64 млрд долларға дейін (+4,1%) ұлғайды. Бұл алтын бағасының 4%-ға өсуі және басым құқық шеңберінде сатып алу есебінен болды" деп хабарлайды, Ұлттық Банк.

Биыл Ұлттық Банк ұлттық қорды алтын сату есебінен толтырмақ. Қаңтарда Ұлттық банк 2 тонна алтын сатып, ұлттық қорды 100 млн долларға толықтырған.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы