11 Мамыр 11:56
...

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» 2,7 млрд теңгеге жетті

Фото:

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Наурызбай ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді.

Алматы, NEGE. Соның аясында әрбір тұрғын өтініш беріп, қаланы абаттандыру бойынша идеясы мен ұсынысын іске асыра алады.

«Осылайша, ауданда 2,7 млрд теңгеден астам сомаға 67 жобаны, оның ішінде қоғамдық кеңістікті абаттандыру, жол инфрақұрылымы және сыртқы жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарланып отыр», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Қосымша қаржыландыру туралы шешімді қала әкімі Ерболат Досаев осы бағдарламаның тиімділігі мен қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып қабылдаған. Қаланың 8 ауданы қосымша 7 млрд теңге алды.

Алматының Наурызбай ауданының барлық шағын ауданында 200 көшені қамтитын 55 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді.

Ол биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізіп жатқанын атады. Биыл жөндеу жұмыстарының сомасы 500 млн. теңгеге дейін көбейеді. Бұған қоса, мамыр айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарындағы 25 көшеде 6 км жол, Ақжар, Қалқаман, Таусамалы, Абай саяжайлары мен Шұғыла шағын аудандарындағы 10 көшеде 3 км тротуар салу басталды. 16 көшедегі 14 км жолды орташа жөндеуден өткізіледі.

Бұл жұмыстарды 2023 жылдың қараша айында аяқтау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде құрылыс медициналық қызметтердің сапасын арттыратынын атады. Алматы қаласының Наурызбай ауданында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория салынады.

«Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп ойлаймын. Қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Екінші емхана бойынша Шұғыла шағын ауданында жобалау ұйымымен шарт жасалды. Осы жылдың IV-ші тоқсанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр, құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталады.

Бұған қоса, Ақжар шағын ауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады.

Тегтер: