Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістанға 35 мыңнан астам саяхатшы келген
Наурыз мерекесіне арналған демалыс күндері Түркістан қаласына 35 мыңнан астам саяхатшы мен қонақ келді.
Алматы, NEGE. Оның 9 мыңы еліміздің түкпір-түкпірі мен шет мемлекеттерден жетіпті. 26 мыңнан астамы – аудан-ауылдардан қыдырып келген меймандар. Саяхатшыларға саябақтарда мерекелік іс-шаралар мен жалпыхалықтық серуен ұйымдастырылды. «Керуен сарай» демалыс орнының субұрқақ алаңында концерт өтті. Қазақстанның танымал өнер жұлдыздарымен бірге Әзербайжан әншілері ән шырқады. Қонақтар жаңарған Түркістанның көрікті жерлерін аралап, тарихи нысандарға зиярат жасады. Мамандардың айтуынша, күн жылынған сәттен бастап Түркістанға келуші саяхатшылар еселеп артады деген болжам бар.
Нұрдәулет Медеуов, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы:
– Осы 5 күннің ішінде қонақ үйдегі нөмірлердің барлығы сатылды. 2022 жылға 260 мыңдай туристі тарту жоспарланып отыр. Түркістан облысы бойынша өзіміздің нөмірлік қор сыйымдылығымызға, бекітілген индикаторларға байланысты келушілер санын 1,5 млн-нан асыру біздің жоспарымызда. Ол үшін жыл 12 айға жоспарланған оқиғалық туризмдердің іс-шарасы қалыптасып отыр.
Қазір оқып жатыр
Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады