USD
USD
USD

Наурыз қарсаңында 30 метрлік қазы дайындалды

Наурыз мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылып жатқан шаралар аясында 30 метрлік қазы дайындалды.

Наурыз қарсаңында 30 метрлік қазы дайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкентте «Ұлттық тағамдар күніне» арналған «Тағамдар фестивалі» ұйымдастырылды. «Шымқала» этноауыл тарихи кешенінде өткен шарада 30 метрлік қазы әзірленді. Яғни, қаланың бас аспазшылары, аспазшы, көмекшілердің көмегімен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ұлттық тағам қазы-қартаның түрінен 30 метрлік қазы дайындады. Ұзын қызының әзірлеу барысын қала тұрғындары тікелей тамашалады. Аспаздар әзірлеген тағамдар мен қазы балалар мен қарттар үйіне және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға таратылды. 

Айта кетейік, биыл Шымкентте наурызнама дәстүрі заманауи үлгіде жаңартылып, тоғыз күн түрлі атаумен мерекеленіп жатыр. Әр күн өзіндік сипаты, өзіндік ерекшеліктермен ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, «Ұлттық тағамдар», «Nauryz Fashion Day» және «Гастроном Fest» фестивалі өтуде. Ертең, 22 наурызда «Ұлыстың ұлы күні Наурыз», «Наурыз Шымқалада» атты шаралар ұйымдастырылатын болады. Мереке 23 наурызда «Жоралғы күнімен» аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек