Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Наурыз айында қанша күн демаламыз?

 Биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай 5 күн демалады. 

Наурыз айында қанша күн демаламыз?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалады. Дегенмен, биыл 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр. Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады.

Сонымен қатар наурыз айында тағы бір мемлекеттік мереке бар. Ол 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Мереке дүйсенбіге тура келеді, сәйкесінше қазақстандықтар сенбі, жексенбі және дүйсенбіде демалады. Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел