USD
USD
USD

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Алдын ала болжам бойынша, наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Қазгидромет" көктемнің алғашқы айына болжам жасады. Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның көптеген аймағына күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді.

Алдын ала болжам бойынша, наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады. Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 пайызға жоғары, Атырау облысының батысында және солтүстік-батысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Наурыздың кей күндерінде еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз ауа температурасы 10 градустан 20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.

Наурыздағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, БҚО, Қостанай, Ақмола облыстарында және Ақтөбенің солтүстігінде жауын-шашын нормадан артық жауады. Солтүстікте және шығыста аралас, елдің оңтүстігі мен батысында орташа деңгейде жауады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық