USD
USD
USD

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

Ғылым және жоғары білім министрлігі наурыз ҰБТ-сының қорытындысын жариялады – наурызда 179 мыңға жуық талапкер тестілеуден өткен. 

ҰБТ
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Оның басым бөлігі (75%-ы) қазақ тілінде тапсырса, 25%-ы тестілеу тілі ретінде орыс тілін және 157 адам ағылшын тілін таңдаған.

Талапкерлердің 70%-ы шекті балды жинай алған. Бес пән бойынша орташа балл – 66 балл. Ең жоғары нәтиже – 140 балды Атырау облысының түлегі Жазира Кеңесова жинаған.

Апелляцияға 31 мыңнан астам өтініш қабылданған.

«Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Бұл жолы 31 мыңнан астам өтініш қабылданып, олардың ішінде 17 бірегей тест тапсырмасына қатысты өтініштер қанағаттандырылды», – делінген министрлік хабарламасында.

Пәндер комбинациясы бойынша:

  • тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» комбинациясын таңдаған – 18,7%;
  • «Биология-Химия» пәндері – 16,5%;
  • «Шығармашылық емтихан» комбинациясы – 10,3%.

408 талапкерге ерекше жағдай жасалған.

Тестілеу барысында 264 ереже бұзушылық анықталған. 130 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Тағы 134 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған. 

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі