USD
USD
USD

«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Отбасы банк бүгін, яғни 10 наурыз күні, «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

Отбасы банк
Фото: Отбасы банк

Астана, NEGE. Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 10 наурыз бен 31 наурыз аралығында қабылданады.

«Наурыз» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

  • Отбасы банкінің барлық салымшылары;
  • депозиті бар және шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар клиенттер;
  • соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да тұрғын үйі болмағандар.

Өтінімдер Baspana Market арқылы онлайн қабылданады. Ол үшін жеке кабинетке кіріп, өтінім беру қажет.

Несие шарттары

Бастапқы жарна:
Таза әрленген бастапқы тұрғын үй үшін – 10%-дан басталады;
Әрленбеген бастапқы немесе қайталама тұрғын үй үшін – 20%-дан басталады.

Сыйақы мөлшерлемесі:
7 % (ЖТСМ 7,1 %-дан) – әлеуметтік осал топтарға;
9 % (ЖТСМ 9,4 %-дан) – барлық қатысушыларға.

Ең жоғары сома:

  • өңірлерде – 30 млн теңге;
  • Астана мен Алматыда – 36 млн теңге.

Мерзімі: 19 жылға дейін

Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?

Бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлер – Астана, Алматы және облыс орталықтарында.

Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үйлер – моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде.

Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдау қажет.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығын неге ала алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт