USD
USD
USD

Наурыз айындағы мерекелер қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының хабарлауынша, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар санының артуына байланысты қосымша пойыздар шығарылып, 58 мыңнан астам орын ұсынылады.

Пойыз
Фото: ҚТЖ

Алматы, NEGE. Халықаралық әйелдер күні мерекесі кезінде 265 қосымша тіркеме вагон қосылады:

• «Астана-1- Бурабай курорты» – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығында қатынайды.

• «Теміртау-Ақадыр» – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығы.

Наурыз мейрамы кезінде 432 қосымша тіркеме вагон қосылып, 20 мыңнан астам орын ұсынылады. 3 пойыз қосымша жолға шығады:

• №201/202 «Астана (НЖ)-Алматы-1» – 20, 21, 23, 24 наурыз аралығында қатынайды.

• №203/204 «Астана-1-Шымкент» – 21, 22, 24, 25 наурыз аралығы.

• №257/258 «Ақтөбе-Астана (НЖ)» – 16, 18, 20, 22, 23, 25 наурыз аралығы.

Қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздары іске қосылады:

• «Астана-1-Бурабай курорты» – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды.

• «Қарағанды-Астана-1» – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды.

Қазір оқып жатыр

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана