Референдум Референдум
USD
USD
USD

Наурыз айында өтетін ҰБТ басталды

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше,163 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. Олардың 76%-ы қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниетті.

Тест
Фото: satbayev.university

Алматы, NEGE. Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 775 адам ҰБТ тапсырады.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Биология-Химия», яғни талапкерлердің 17,5%-ы медицина, педагогика және ауыл шаруашылығы мамандықтарына түсуді жоспарлаған. Ал 17,1%-ы «Математика-Физика», 10,5%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ инженерлер мен IT-мамандары.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Естеріңізге сала кетсек, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда