USD
USD
USD

Науқастың асқазанынан ұзындығы 15-18 см үш темір алып шықты

Актау дәрігерлері науқастың ішінен үш темір алып шықты. 

Науқастың асқазанынан ұзындығы 15-18 см үш темір алып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облыстық ауруханасында эндоскопист-дәрігерлер темір жұтып қойған науқасқа тіліксіз ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 жастағы науқас 18 мамыр күні жедел түрде ауруханаға келген. Сырқаттың ішінің жоғарғы бөлігі ауырсынған. Алдымен дәрігерлер жедел түрде лабораторлы-инструментальды зерттеу жүргізді. Іш қуысының рентгенографиясы нәтижесінде асқазаннан бірнеше бөгде зат табылды.

«Науқасқа шұғыл түрде жансыздандыру арқылы эндоскопиялық әдіспен ота жасадық. Яғни, ауыз арқылы видеоэзофагогастродуодеоскопия аппараттың көмегімен денедегі артық затты сыртқа шығардық. Науқас ішінен ұзындығы 15, 16, 18 см темір, басы жоқ қасық алынды. Науқаста ешқандай ауырсыну болған жоқ. Ота шамамен жарты сағатқа созылды. Қазіргі таңда амбулаторлы емге жіберілді», – деді Маңғыстау облыстық ауруханасының эндоскопист-хирургы Бауыржан Танауов. Айта кетейік, аталған операцияға хирург-эндоскопист Б.Танауов, М. Тайшыбай және анестезиолог К. Шадиева қатысты. Мұндай операциялар МӘМС бағдарламасы аясында тегін жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park