USD
USD
USD

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылғы 1 шілдеден бастап науқастарға тегін берілуі тиіс  4114 препараттың дәріханаларда заңсыз сатылғанын анықтады.

Дәріхана
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 74 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде 31 нысанға жалпы сомасы 12,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 43 ұйымға заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

Негізінен инфузияға арналған натрий хлориді мен глюкоза ерітінділері, кейбір антибиотиктер және созылмалы ауруларды емдеуге арналған препараттар сатылған. Цифрлық экономиканы дамыту орталығының мәліметінше, таңбалау кодтарын пайдалануда жүйелі кемшіліктер тіркелген: 35 537 қайта сату жағдайы тіркелсе, әртүрлі қатысушылардың бір кодты 480 752 рет пайдалануы анықталған, сондай-ақ 1140 нысан 15 614 кодты қайтадан айналымнан шығарғаны белгілі болды.

Бұл фактілер бойынша материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберілген, сондай-ақ қосымша тексерулер жүргізіліп жатқаны мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі атанды

Ералы Тоғжанов

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі