USD
USD
USD

Науқас балаға арналған қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті

 Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында ер адам науқас балаға арналған қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті.

Науқас балаға арналған қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайырымдылық жәшігі онкологиялық ауруға шалдыққан 13 жастағы баланың еміне ақша жинау үшін қойылған. Жәшік аудандық аурухананың фойесінде орнатылған еді. Ұрлық фактісі бақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның жәшікті полиэтилен пакетке салып, өзімен бірге алып кеткені көрініп тұр.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерттеді. Полицейлер жәшікті алып кеткен Үржар ауданының 36 жастағы тұрғынын қолға түсірді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Күдікті ақшаның біраз бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Науқас баланың ата-анасы қайырымдылық жасаған барлық жандарға алғыс айтып, ұрыны тез арада қолға түсірген полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Анасының айтуынша, келтірілген материалдық залалдың нақты мөлшері белгісіз. Жиналған ақша лейкоз дертіне душар болған баланың еміне жұмсалмақ еді. Қалған ақша тәркіленіп, анасына берілді. Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC