USD
USD
USD

Науқас адам дәрігерді соққыға жықты

Қостанайда дәрігерді ұру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Науқас адам дәрігерді соққыға жықты
Фото: NEGE.kz

3 мамырда түнгі сағат 23:50-де Қостанай қаласының 26 ​​жастағы тұрғыны қалалық аурухананың травматологиялық бөліміне түскен. Ер адамның білегінде кесілген жарақаты болған.

«Тексеру кезінде ол өзін агрессивті ұстады, нәтижесінде дәрігерге дене жарақатын салған. Полиция келгенге дейін науқас қашып үлгерді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy