USD
USD
USD

НАТО саммитінің бірінші күні өтті

 НАТО-ның Мадридте өтіп жатқан саммитінің бірінші күні аяқталды. Финляндия мен Швецияның альянсқа қосылуына қарсы болып келген Түркия ақыры өз келісімін берді.

НАТО саммитінің бірінші күні өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді НАТО шығыстағы бөлігін күшейткелі отыр. Айта кетейік, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Стокгольм мен Хельсинки ұзақ уақыт бойы ұстанып келген саясатын өзгертіп, әскери блокқа кіруге өтініш берген болатын. Сондай-ақ аталған саммитте жаңа стратегиялық тұжырымдама мақұлданды. Ол құжатта Ресей «қауіпсіздікке елеулі және тікелей қауіп төндіріп тұр» деп жазылды. Бірақ НАТО-ның әрқашан келіссөзге дайын екені де ескертілді. Ал Қытай қарсылас емес, бірақ одан сақтану қажеттігі айтылды.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

– Біз стратегиялық қарсыласу кезеңіне аяқ бастық. Мәскеу мен Бейжің қарым-қатынасы тереңдеп жатқанын байқап отырмыз. Қытай тарапынан қысым күшейіп келеді, одақтастар мен серіктестердің қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов