USD
USD
USD

НАТО Ресейді ұстамды болуға шақырды

  Бельгия астанасы Брюссельде НАТО-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері бас қосты.

НАТО Ресейді ұстамды болуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиын барысында ведомство басшылары Ресейді Украинаға қатысты дипломатиялық жолды ұстануға шақырды. Шараға қатысушылардың мәлімдемесіне сәйкес Солтүстік атлантикалық альянс еуроатлантикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша дипломатияға және Ресеймен диалог жүргізуге мүдделі. Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі Украинамен арадағы шекара маңындағы Батыс және Оңтүстік әскери округтерінің бөлімшелері өз базаларына орала бастағанын хабарлаған болатын. Бірақ соған қарамастан, Нато-ға мүше елдер Орталық, Шығыс және оңтүстік-шығыс еуропада жаңа әскери жасақ құру жағын талқыға салды. 

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

– Біз сарбаздардың немесе әскери техникалардың кеткенін көрген жоқпыз. НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері альянсты қорғауға қатысты жобаларды әзірлеуді шешті. Соның ішінде Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропада әскери жасақ құру туралы мәселе қаралмақ. Сонымен қатар одаққа мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Францияның Румынияда дәл осындай жасақты басқару туралы ұсынысын құптады. Бұл шаралардың бәрі қорғаныс мақсатында жасалып отыр. НАТО-дан Ресейге келер қауіп жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай