USD
USD
USD

Наташа Королеваның Қазақстандағы кеші НЕГЕ өткізілмеді?

Желтоқсанның 8 жұлдызы күні Ақтөбедегі өнер орталығының ғимаратында танымал ресейлік поп-орындаушы Наташа Королеваның концерті өтуі керек болған. Бірақ, билеттің тең жартысы сатылмай қалғаны үшін  концерт тоқтатылды. Бұған себеп көрермен сұранысының жоғары болмауы.  

Наташа Королеваның Қазақстандағы кеші НЕГЕ өткізілмеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шоуға толы концерттің өткізілмейтіндігі жайлы  ұйымдастырушылар көрермендерге алдын ала бір күн бұрын ескерткен.  Кештің құны 10 мыңнан бастап 20 мың теңгені құраған. Ақтөбенің тұрғындары Королеваның концертіне  арнап билетке жұмсаған ақшаны бүгіннен бастап қайтара алады.

Бұдан бөлек, тағы бір концерт бүгін 9 желтоқсанда жоспарланғаны белгілі. Ол Қарағандыда өтуі тиіс еді. Жиналған көрермендердің шектеулі санына байланысты тағы бір кештің болмайтыны белгілі болды. Айта кетейік, бұған дейін ресейлік орындаушы қазақстандық әнші Бүркіттің клипінің түсіріліміне қатысу үшін Қазақстанға арнайы келген болатын. Сонымен қатар, Королева белгілі вайнер Серғазы Тоқтарбектің түсіріліміне қатысқан. Елімізге қонаққа келген танымал әнші Бүркіт мырзаға ризашылығын білдіріп, қазақ халқының қонақжайлығына жоғары бағасын берген еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy